• Главная
  • Шымкенттің бас полицейі Қайрат Дәлбеков #Есірткісізқоғам челленджін қолдады
Видео
16:07, 1 июня 2023 г.

Шымкенттің бас полицейі Қайрат Дәлбеков #Есірткісізқоғам челленджін қолдады

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында #Есірткісізқоғам челленджін бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығына орай ұйымдастырылған бұл бастаманы 30-дан астам адам қолдап, полиция департаментінің ресми парақшаларына түрлі видеоүндеулер жолдады.

Оның ішінде, қазақ күресінен, бокстан әлем чемпиондары, бапкерлер мен өнер жұлдыздары, мектеп оқушылары мен студенттер де бар.

Бір ерекшелігі Қайрат Сұлтанбайұлы 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай, Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жастар арасында кеңінен тараған челленджді түсірді.

Онда “Есірткіге жол жоқ!”, “Біз нашақорлыққа қарсымыз!”, “Мир без наркотика!” сөздері жазылған тақтайшалар көрсетіліп, ұлттық нақыштағы патриоттық әуен қойылды.

Осылайша жасөспірімдер мен полицейлер бірлесіп нашақорлыққа қарсылығын білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Есірткіге жол жоқ!
Объявления
live comments feed...