• Главная
  • Шымкент полицейлері ІІО ардагерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
13:01, 11 мая 2023 г.

Шымкент полицейлері ІІО ардагерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкентте Қазақстан полициясының қаймағы, милиция полковнигі Анламас Тулеевич 80 жасқа толды. Ардагер сақшыны Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылық құрамы мерейлі мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізіп қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анламас Тулеевич – 1943 жылдың 10 мамыр күні Шымкент облысында дүниеге келген. Ол ішкі істер органдарында 34 жыл еңбек өтілі бар азамат. Қызмет тарихында Шымкент облысының полиция басқармасында хатшылық бөлімінің басшысы, өрт күзеті бөлім басшының орынбасары, Ленгер және Ленин аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болған. 10 жыл бойы ОҚО полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

– Ардагер ағамыз сексенді еңсерсе де, ұстамды әлпеті, сабырлы жүріс-тұрысы, келісті келбеті әлі күнге дейін өз қалпында. Оның әділдікті қақ жарып сөйлейтін, турасын айтып, туысқанына болыспайтын ұстанымы бүгінгі ұрпаққа зор үлгі. Анламас мырза, өз ортасында абыройлы, ағайын-туысқа бауырмал, кішіпейіл әрі құрметті кісі, – дейді полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.

Қайрат Дәлбеков зейнеттегі ардагерді жаңа жасымен құттықтап, зор денсаулық тілейтінін жеткізді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...