• Главная
  • Түркістан полицейлері нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өткізді
10:49, 28 января 2023 г.

Түркістан полицейлері нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өткізді

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ!” тақырыбында маңызды іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауқымды шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы мен дәрігер-наркологтар жұмылдырылды. Семинарға Түркістан қаласында орналасқан №28 және №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназияларының мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың салдары туралы түсіндірді. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды.

Семинар соңында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған “Есірткіге жол жоқ!” парақшаларын қоғамдық орындарға орналастырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Семинар
Объявления
live comments feed...