17:54
Вчера
фото: polisia.kz
Жасөспірім баланың жүруі мүмкін жерлер іздестірілді. Сондай-ақ қаладағы бейнебақылау камералары да жіті қаралды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген нәтижелі жұмыстарының арқасында жасөспірім қала аумағынан аман-есен табылды. Ата-анасымен қауышты.
– Қанша дегенмен жасөспірім бала ғой, қатты сөйлеп қалсақ, ренжіп қалады. Бірақ есейе келе бұл әдетін қояды деп сенемін. Баламды тауып берген полицейлерге алғысым шексіз. Басымызға оқыс жайттар түскенде бірден осы сақшылардан көмек сұраймыз. Қауіпсіздігіміздің кепілі болып жүрген сіздерге рақмет, – деді қала тұрғыны.