
10:20, 2 декабря 2022 г.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы аясында тәртіп сақшылары қыз-келіншектерге құқықтық кеңес берді

фото: instagram.com/police_shymkent
Ағымдағы жылдың 25-қарашасы мен 10-желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде, деп хабарлайды Шымкент Полиция департаменті.
Аталған іс-шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау.
Абай ауданы Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары «Көмек» орталығында қыз-келіншектерге құқықтық кеңес беріп, қолдау көрсетті. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар ұсынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осы ретте, тәртіп сақшылары тұрғындарға жақын туысыңыз немесе өзіңіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда, мемлекет тарапынан бірқатар маңызды көмек түрін тегін ала алатыныңызды еске салады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:20
Вчера
14:44
20 июня
Объявления
15:16, 8 июня
11:32, 9 июня
11:32, 9 июня
5
live comments feed...