18+

Шымкенттік спортшылар әлем чемпионы атанды

фото: instagram.com/akimat_shymkent

Астана қаласында 12-17 желтоқсан күндері аралығында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігі.

Жарыстың алғашқы күндері, 12-14 желтоқсан аралығында ересектер арасында өткен турнирде 100 кг салмақ дәрежесінде Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Байкамуров Марат алтыннан алқа тақса, 74 кг салмақ дәрежесінде Шымкент қаласы ұлттық және ат спорт клубының спортшысы Қожамбеков Жұмажан әлем чемпионы атанды.

Жеңіс құтты болсын!