• Главная
  • Казахстанские предприятия Шымкента получат новые возможности для сотрудничества с КПО
Официально
18:09, Сегодня

Казахстанские предприятия Шымкента получат новые возможности для сотрудничества с КПО

Официально
Казахстанские предприятия Шымкента получат новые возможности для сотрудничества с КПО

Г. ШЫМКЕНТ, 4 сентября 2026 года – Компания «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО), продолжает работу по расширению участия казахстанских производителей в реализации Карачаганакского проекта.

В рамках данной деятельности делегация компании посетила город Шымкент для ознакомления с производственным потенциалом местных предприятий и обсуждения перспектив дальнейшего сотрудничества.

В ходе визита состоялась встреча с акимом города Шымкент Г. Сыздыкбековым, далее представители КПО посетили ряд промышленных предприятий города, специализирующихся на производстве насосов, силовых трансформаторов и комплектующих для систем электрохимической защиты, а также литых изделий из стали и чугуна. Участники делегации ознакомились с производственными мощностями предприятий, применяемыми технологиями и выпускаемой продукцией, а также обсудили возможности участия местных производителей в цепочке поставок Карачаганакского проекта.

Визит состоялся при участии представителей Министерства энергетики Республики Казахстан, ТОО «PSA», ТОО «КМГ Карачаганак», представителей Международного центра нефтегазового машиностроения (IMBC) и при поддержке акимата города Шымкент.

Для более широкого ознакомления с промышленным потенциалом региона акиматом города была организована выставка продукции местных производителей, в которой приняли участие более 30 предприятий. Это позволило участникам рабочей поездки получить комплексное представление о возможностях бизнеса Шымкента и оценить перспективы развития кооперации с отечественными поставщиками.

Ключевым мероприятием визита стал круглый стол с участием первого заместителя акима города Шымкент А. Каримова, представителей государственных органов, КПО и промышленного сектора. В ходе обсуждения стороны рассмотрели вопросы развития местного содержания, повышения конкурентоспособности казахстанских производителей, расширения промышленной кооперации и локализации производства товаров, востребованных крупными нефтегазовыми проектами.

«КПО последовательно работает над расширением участия казахстанских производителей в цепочке поставок Карачаганакского проекта. Посещение предприятий Шымкента еще раз подтвердило высокий уровень компетенций отечественного бизнеса и наличие значительного потенциала для дальнейшего сотрудничества. Мы заинтересованы в развитии долгосрочных и взаимовыгодных партнерских отношений с казахстанскими компаниями», – отметил заместитель генерального директора КПО Мухтар Манкеев.

По итогам визита участники отметили важность дальнейшей консолидации усилий государства, операторов нефтегазовой отрасли и отечественных производителей для создания новых возможностей развития казахстанской промышленности. КПО намерена продолжить проведение региональных визитов и работу по вовлечению местных производителей в цепочку поставок компании, способствуя развитию местного содержания и укреплению производственного потенциала Казахстана.

КПО қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

ШЫМКЕНТ қ., 2026 жылғы 4 қыркүйек – «Kарачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) Қарашығанақ жобасы аясындағы жеткізілімдердегі қазақстандық өндірушілердің қатысу үлесін арттыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Аталған қызмет шеңберінде компания өкілдері жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетіне шолу және ықтимал ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу өтті. Жиыннан кейін КПО компаниясының өкілдері сорғы жабдықтарын, электр трансформаторлары мен электрохимиялық қорғау жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ болат пен шойыннан құйылған бұйымдарды өндірумен айналысатын қаланың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорнына барды. Делегация мүшелерінің назарларына кәсіпорындардың өндірістік қуаты, қолданылатын технологиялар және шығарылатын өнім туралы ақпарат ұсынылды. Оған қоса, жергілікті өндірушілердің Қарашығанақ жобасының жеткізілімдер тізбегіне қатысу мүмкіндіктері де талқыланды.

Сапар Энергетика министрлігінің өкілдері, «PSA» ЖШС, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС және Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) өкілдерінің қатысуымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қала әкімдігі өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін кеңінен көрсету мақсатында 30-дан астам ұйым қатысуымен өткен жергілікті кәсіпорындар өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Бұл жұмыс сапарымен келген өкілдерге Шымкент қаласы өнеркәсіптік әлеуетімен жан-жақты танысып, отандық жеткізушілермен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын бағалауға мүмкіндік берді.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың, мемлекеттік органдар, КПО және өнеркәсіп секторы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел сапар бағдарламасының негізгі іс-шараларының бірі болды. Пікір алмасу барысында тараптар жергілікті қамтуды дамыту, қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту және ірі мұнай-газ жобалары үшін сұранысқа ие тауарлар өндірісін жергіліктендіру мәселелерін қарастырды.

«КПО компаниясы Қарашығанақ жобасының жеткізілімдер тізбегіне қазақстандық өндірушілердің қатысу үлесін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Шымкент қаласындағы кәсіпорындарға жасалған сапар отандық бизнестің жоғары құзыретін тағы бір мәрте дәлелдеп, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың әлеуетін көрсетті. Біз қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше мән береміз.» – деп атап өтті КПО бас директорының орынбасары Мухтар Манкеев.

Сапар қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында мемлекет, мұнай-газ саласының операторлары және отандық өндірушілер арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. КПО жергілікті қамтуды дамыту және Қазақстанның өндірістік әлеуетін нығайту шеңберінде аймақтық сапарларды ұйымдастыру және компанияның жеткізілімдер тізбегіне жергілікті өндірушілерді тарту бойынша жұмыстарды одан әрі ілгерілетуді көздейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.
Объявления