• Главная
  • Шымкентте 70 түп сора өсімдігін өсірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты
16:00, 20 июня 2023 г.

Шымкентте 70 түп сора өсімдігін өсірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте 70 түп сора өсімдігін өсірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында 62 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсіргені үшін айыпталған болатын. Нақтырақ айтқанда, 2022 жылдың қазан айында полиция қызметкерлері әкімшілік аумақты тексеру кезінде егде жастағы ер адамның үйінің ауласынан 70 түп сора өсімдігін тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған өсімдіктердің сора тұқымына жататыны расталып, жалпы салмағы 9 келі 240 грамм құрады.

Тергеу барысында, күдіктінің кінәсі толық дәлелденіп, жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.

Нәтижесінде сот айыпталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп, оған қатысты 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Шымкент полицейлері қазіргі таңда республика көлемінде “Қарасора – 2023” ЖПІШ өтіп жатқанын еске салады. Сондай-ақ, азаматтарға заңмен тыйым салынған өсімдіктерді екпеуді және өсірмеуді қатаң ескертеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...