• Главная
  • Ішкі істер министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті
11:29, 13 июня 2023 г.

Ішкі істер министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов іссапармен Түркістанда болды. Бас полицей өңір әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге қаланың қоғамдық жерлерін аралап, туристік полицияның жұмысын көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

ІІМ басшысы Түркістан облысының тұрғындарымен және өңір белсенділерімен кездесті. Жиын барысында аймаққа тән проблемалар қаралып, өзекті тақырыптар көтерілді.

Айта кету керек, жалпы қылмыстық істердің 96%-ы, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істердің 97%-ы полиция қарауында. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің 93%-ын полиция қызметкерлері көрсетеді.

Кездесуде еліміздегі қылмыс деңгейінің жыл басынан бері 19%-ға төмендегені айтылды. Түркістан облысында да ұқсас жағдай.

– Ауыр, аса ауыр қылмыстардың саны азайып жатыр. Мысалы, айтып кетейік, қасақана адам өлтіру фактілері жыл басынан бері ел бойынша 51%-ға, Түркістанда 18%-ға төмендеген. Республика бойынша зорлау 38%-ға, тонау 16%-ға, қарақшылық 36%-ға, бұзақылық 47%-ға, ұрлық 28%-ға азайған. Бірақ та қылмыс, өкінішке орай, әлі де бар, – деді Марат Ахметжанов.

Министрдің сөзінше, қылмыстың жасалуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері басым. Сондықтан оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою маңызды. Осы ретте ІІМ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Құжатта азаматтардың сұранысы ескеріліп, құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша басқа да мемлекеттік органдардың жауапкершілігі бекітілетін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...