14:44
Вчера
фото: polisia.kz
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс орталығының полицейлері өздерінің ұл-қыздарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларымен қаланың көрікті жерлерін аралап, бірге уақыт өткізіп, сыйлықтарын тарту етті. Балалар алғыстарын білдіріп, тұрғындар тыныштығын сақтауда абыройлы қызмет етіп жүрген ата-аналарымен мақтанатынын жеткізді.
Жалпы, Түркістан облысының полицейлері барша қазақстандық балаларды мейрамдарымен құттықтап, бақытты балалық шақ тілейді. Өскелең ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, адамгершілігі мол Қазақстанның беделді, білімді азаматтары болып өсе берсін!