• Главная
  • Шымкенттік полицейлер көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасады
13:00, 1 июня 2023 г.

Шымкенттік полицейлер көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

“Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің” демекші, қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жыл сайын тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді. Биыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ондағы мақсат – балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастыру.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жалғыз басты ананың үйіне барып, екі қызына қаржылай және тұрмысқа қажетті азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарымен қамтамасыз етті. Әрбір бала бақытты болу үшін жаралған демекші, тәртіп сақшылары отбасындағы бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.

Осылайша тәртіп сақшылары балалардың мерекелік әсерлерін сезіну үшін өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың әрі адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Айта кетейік, дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да Шымкент қаласы полиция департаменті тарапынан өз жалғасын таппақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...