21:30
4 октября

Аталған жайтты тергеушілер ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша тіркеуге алды.
Күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау үшін тәртіп сақшылары бірқатар іс-шараларды жүргізді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер оны тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері қарақшылық шабуылға тап болмау үшін мұқият болуға және қымбат заттарды жарнамаламауға шақырады. Егер сіз тонау қылмысының құрбаны болсаңыз шабуылдаушының сыртқы түрінің кез келген ерекшеліктерін есте сақтауға тырысыңыз және бұл туралы полицияға уақыт жоғалтпай хабарлаңыз.