• Главная
  • Түркістан облысының тұрғыны бөтеннің үйінен 1,2 млн теңгені қолды еткен
09:38, 26 мая 2023 г.

Түркістан облысының тұрғыны бөтеннің үйінен 1,2 млн теңгені қолды еткен

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінен ақша ұрланғанын хабарлаған. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның кіреберіс есігін бұзып ашып, қонақ бөлмеде тұрған 1,2 млн теңге ақшасын жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына дереу шығып, жақын маңдағы аумақтарды мұқият қарады, сондай-ақ куәлардан жауап алды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысты адамды анықтады. Оның Жетісайлық бойжеткен екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіден заттай дәлел ретінде ұрлаған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүліктері мен үйлерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тұрғындар тарапынан мүмкіндігінше темір есіктер, терезелерге торлар орнатылып, мүлікті сақтау үшін басқа да шаралар қабылдануы керек.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...