• Главная
  • Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі күдікті құрықталды
09:10, 17 мая 2023 г.

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі күдікті құрықталды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі өткізуге қатысы бар деген күдікпен екі ер адамның ізіне түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұстау барысында олардың бірі тәртіп сақшыларына белсенді қарсылық танытып, аэрозольді тапаншадан екі рет ауаға оқ атқан. Жедел уәкілдер қоян-қолтық ұрыс әдісімен күдіктілерді дер кезінде қарусыздандырды.

Сондай-ақ жалдамалы пәтерді тінту барысында полиция қызметкерлері шкаф ішінен әртүрлі дозаларға бөлінген 4 дана полиэтиленді пакетке салынған орамалар мен тапанша тәркіледі. Ал ұсталғандардың бірінің қалтасынан есірткіге ұқсас, ұнтақ тәріздес заттар салынған 4 полиэтиленді орама алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар есірткінің синтетикалық түріне жататыны расталып, жалпы салмағы 31 граммды құрады.

Қазіргі таңда, аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) және 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын өткізу аса ауыр қылмыстар қатарына жататынын және ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...