• Главная
  • Түркістанда тұрғынның мүлкін жымқырған күдікті қолға түсті
11:00, 11 мая 2023 г.

Түркістанда тұрғынның мүлкін жымқырған күдікті қолға түсті

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан қалалық полиция басқармасына кентаулық тұрғын шағымданды. Арызданушы ер адамның айтуынша, құрылысы аяқталмаған үйінен жөндеу жұмыстарына арналған құны 50 мың теңге тұратын жүк арбасын, белгісіз біреу ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары аталған дерекке қатысты істі ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Қолды болған жүк арба тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Тексеру барысында оның тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...