• Главная
  • Шымкентте мешітте телефон ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды
10:58, 29 марта 2023 г.

Шымкентте мешітте телефон ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды

Шымкентте мешітте телефон ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды

Полиция департаментінің қызметкерлері ұялы телефон ұрлығын әдетке айналдырған азаматты ұстап, қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бөгде азаматтың мешітте ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 140 мың теңге тұратын Redmi Not 11 телефонын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүзеге асырды. Бейнебақылау камералары жіті назарға алынды. Нәтижесінде күдікті азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ол 25 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат мешітте киім ілгіште ілініп тұрған күртешелердің қалтасындағы ұялы телефондарды ұрлауды кәсіп етіп келген. Қазірдің өзінде оның ұялы телефон ұрлығының 4 жайтына қатысы бары анықталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...