
09:23, 27 марта 2023 г.
Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданынан заңсыз оқ-дәрілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдерге жергілікті тұрғындардың бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл бойынша жан-жақты жұмыс атқарған полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады.
Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Осы жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:17
6 января
15:16
6 января
14:11
6 января
12:00
6 января
ТОП новости
Объявления
10:32, 4 января
12:29, 26 декабря 2025 г.
12:29, 26 декабря 2025 г.
5
12:29, 26 декабря 2025 г.
6
12:09, 31 декабря 2025 г.