• Главная
  • Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады
11:30, 15 марта 2023 г.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Келес ауданы аумағындағы өзен-суларда табиғат байлықтарын қорғау бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, Сырдария өзені жағасында жергілікті тұрғын ау-торын пайдаланып, заңсыз балық аулап отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданы аумағындағы өзен-суларда табиғат байлықтарын қорғау бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, Сырдария өзені жағасында жергілікті тұрғын ау-торын пайдаланып, заңсыз балық аулап отырған.

Ұсталған ер адамнан айғақты зат ретінде бір мотор, 100 және 120 метрлік екі тор, 60 заңсыз ауланған балық тәркіленіп, алынды. Балықтардың жалпы салмағы 70 келіден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) тіркеліп, қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...