• Главная
  • Спорттық рух команданы шыңдады⁣⁣⠀
12:20, 27 ноября 2022 г.

Спорттық рух команданы шыңдады⁣⁣⠀

Спорттық рух команданы шыңдады⁣⁣⠀

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалғасын тапты. Аталған жоба биыл өзінің үшінші кезеңінің шарты бойынша орта білім беру мекемелерінің оқушылары футбол, баскетбол, волейбол, шахмат ойындарынан сайысқа түсіп, өзара таласқа түсетін болады, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігі.. ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Бүгінгі дүбірлі дода Абай ауданына қарасты № 23 мектеп-лицейінің спорт залында өтті. Жас спортшылар волейбол спорт түрінен ойын көрсетті.⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

—⠀Бүгін кестеге сәйкес, қыздар арасындағы волейбол ойынынан №56,⠀№4,⠀№23, № 118 мектеп оқушылары қатысты. Ал, Әл-Фараби ауданында волейбол, Қаратау ауданына баскетбол ойындары жүйелі өтуде. Футбол ойыны ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын, – деді Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ұлжан Төлен.⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

№23 мектеп-лицейінде⠀болған сайыс жоғары дәрежеде өтті. Құрамалар жеңіс тұғырынан көріну үшін аянып қалмады. Әдемі айла мен әдісті оңтайлы қолдана білген⠀№23 мектеп командасы өз қарсыластарынан 2:0 есебімен алға шығып,⠀жеңімпаздар қатарынан көрінді.⠀⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

— Жаттықтырушымыз жақсы дайындықтан өткізді. Соның арқасында барлық ойында үздік нәтижеге жетудеміз, – деді №23 мектеп-лицейінің команда мүшесі Маржан Сәуірбай. ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Айта кетейік, аталған барлық ойын түрінен жарысқа 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысатын болады. Лига командаларын қолдау үшін мектеп командалары арасында фанклубтар жасақталған.⁣⁣⠀

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Волейбол
Объявления
live comments feed...