18+

Alina Group Қазақстан нарығына V-Tech халықаралық кәсіби герметиктер брендін шығарды

Alina Group Қазақстан нарығына кәсіби герметиктер мен желімдеу шешімдерінің халықаралық V-Tech брендін шығарғанын жариялады. Компания өнім портфелін кеңейтіп, Nippon Paint жаһандық тобының құрамына кіргеннен кейін халықаралық брендтерді интеграциялау жұмысын жалғастыра отырып, кәсіби құрылыс химиясы сегментіндегі өз ұстанымын нығайтып келеді

V-Tech брендінің ресми таныстырылымы Алматы қаласында өтті. Іс-шараға компанияның бас директоры Cheong Chee Leong, жапониялық технологиялық серіктес Kaneka компаниясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның жетекші дистрибьюторлары, құрылыс компаниялары және салалық серіктестері қатысты.

V-Tech компаниясы 2002 жылы Малайзияда құрылған және бүгінде әлемнің 70-тен астам елінде ұсынылған. Компанияның өз өндірістік алаңдары мен ғылыми-зерттеу орталығы бар, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы MS-полимер негізіндегі герметиктердің ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Өнімнің технологиялық негізін полимерлік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын жапониялық Kaneka компаниясымен бірлесіп әзірленген технологиялар құрайды. 2021 жылдан бері бренд Nippon Paint Holdings құрамына кіреді.

V-Tech компаниясының бас директоры Cheong Chee Leong-тың айтуынша, Қазақстан компания үшін Орталық Азиядағы перспективалы нарықтардың бірі болып саналады.

«Бүгінгі іс-шара – Қазақстанда брендті іске қосу ғана емес. Бұл өзара сенімге, ортақ құндылықтарға және қазақстандық серіктестерімізбен бірге нарықты дамытуға деген ұмтылысқа негізделген ұзақ мерзімді әріптестіктің бастауы», – деді Cheong Chee Leong.

Таныстырылым барысында V-Tech компаниясының техникалық сарапшылары құрылысқа, тұрғын және коммерциялық нысандарды пайдалануға, өнеркәсіп пен машина жасау саласына арналған кәсіби шешімдер желісін таныстырды. Компанияның Малайзиядағы кеңсесінің жетекші технологы Pavithran A/L Selvaraju практикалық шеберлік сабағын өткізіп, материалдарды сынақтан өткізу арқылы герметиктер мен желімдеу шешімдерінің пайдалану-техникалық сипаттамаларын көрсетті.

Alina Group компаниясының коммерция және маркетинг жөніндегі директоры Сауле Байтжаунова: «Nippon Paint құрамына кіру Alina Group компаниясына әлемдік озық технологиялар мен жаңа өнім санаттарына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Fawori бояу брендін сәтті іске қосқаннан кейін біз халықаралық шешімдер портфелін кеңейтуді жалғастырып келеміз. V-Tech брендінің пайда болуы Қазақстан нарығына сапаға, экологиялық қауіпсіздікке және сенімділікке қойылатын ең жоғары әлемдік талаптарға сәйкес келетін заманауи кәсіби материалдарды ұсынуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

V-Tech өнімдері құрылыс, өнеркәсіп, инженерлік жүйелерді монтаждау, терезелер мен есіктер өндірісі, шатыр жұмыстары, автомобиль саласы және қосылыстардың сенімділігіне жоғары талаптар қойылатын басқа да салаларда кәсіби қолдануға арналған.

V-Tech брендінің іске қосылуы Alina Group компаниясының кәсіби құрылыс шешімдері ассортиментін кеңейту және халықаралық технологиялық ынтымақтастықты дамыту жолындағы кезекті қадамы болды. Осылайша, Қазақстан нарығына әлемнің көптеген елдерінде өз тиімділігін дәлелдеген өнімдерге қолжетімділік ұсынылады.