Ішкі істер министрінің нұсқауымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков жеке құрам қызметкерлері арасында гарнизондық тарату өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың әкімдік ғимаратының алаңына полиция департаментінің тәуліктік нарядқа түсетін барлық сақшылары түгел жиналды.
Мұндағы мақсат – полицейлердің қызметтік міндетті атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру, олардың құжаттары мен құрал-жабдықтарын және сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісін жіті назарға алып, кемшіліктер кездессе дер кезінде шара қолдану.
Маңызы зор шарада Қайрат Сұлтанбайұлы әр қызметкерді жеке өзі тексеріп, олардың тиянақтылығына сыни көзқараспен қарады.
Халықпен етене жақын жұмыс істейтін орган қызметкерлері ретінде сыртқы келбетке және нысанды киімді үлгісіне күтіммен қарауды ескертті.