18+

Түркістан полициясының жас қызметкерлері музейге барды

фото: polisia.kz

Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлеріне аға ұрпақ қалдырған жәдігерлерді көрсете отырып, музей жұмысының рөлін арттыру, ІІО тарихы, қазақстандық полицияның ерліктерін дәріптеу, халық арасында полицияның оң имиджін қалыптастыру, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай шаралардың өткізілуінде үлкен мән бар. Себебі бұл – полиция қызметкерлері бойында патриотизмді одан ары күшейтіп, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Музейге барып, ұлттық құндылықтармен танысқан Түркістан қалалық полиция басқармасының жас полицейлері ерекше әсер алғандарын жеткізді.