18+

Түркістан облысының полицейлері спорттық жарыстар өткізді

фото: polisia.kz

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы полицейлерінің арасында мәдени-спорттық іс-шара өтті. Бұл жарысқа полиция департаментінің қызметкерлерінен 14 команда қатысты. Олар табельдік қарудан ату, гір тасын көтеру, шағын футболдан бақ сынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде қару атудан мергендік танытқан кадр саясаты басқармасының инспекторы Есенгелді Шалабаев І орынды алды. Ал ІІ орын есірткі қылмысына карсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Сартаевқа, ІІІ орын экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Жұбаныш Шүкірбайға ұсынылды.

Екінші байқау гір тасын көтеруден І орынды экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нуралы Кубеев, ІІ орынды патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Нұрқанат Утешов, ІІІ орынды штаб басқармасы бастығының орынбасары Сәбит Бахтығалиев қанжығалады.

Ал шағын футболдан І орынды кадр саясаты басқармасының командасы, ІІ орынды патрульдік полиция батальоны, ІІІ орынды арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы алды. Жеңімпаздар арнайы кубок, медаль, грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды.