18+

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланы ата-анасына тауып берді

фото: polisia.kz

Ордабасы аудандық полиция бөліміне Қайнар ауылы көшелерінің бірінде адасып жүрген жасөспірім туралы хабарлама келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға бірден ювеналды полиция тобының инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жасөспірімді полиция бөліміне жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер баланың жеке басы мен ата-анасын, оның тұрғылықты мекен-жайын анықтау мақсатында жедел шараларды атқарды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасын тауып, оны отбасына аман-есен қайтарды.

Белгілі болғандай, денсаулығында кінәраты бар шымкенттік 12 жасар бала үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Жасөспірімнің әкесі ұлын тауып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ордабасы ауданының полицейлеріне үлкен алғысын білдірді.