Түркістан облысында полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен және төрағалығымен “ҚР Президенті мен ҚР ІІМ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалар мен орын алып жатқан оң өзгерістерді барлық жеке құрам назарына жеткізу, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы” маңызды жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңызды шараға облысқа қарасты 17 ауданның жеке құрамы мен консультативтік кеңесші органның мүшелері, Аппараттың басқарма, бөлім басшылары, Ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Түркістан қаласындағы Конгресс хол залына ұйымдастырылған жиынды өңірдің бас полицейі жүргізді. Жиынның ерекшелігі модератор мен спикер бас полицейдің өзі болды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының полицияға қатысты айтқан тапсырмалары, ішкі істер министрінің берген нұсқаулары бар және өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған полицейлердің ұсталуы бейнеленген бейнероликтер экран арқылы жиналғандарға көрсетілді.