Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға орай инспекторлар күшейтілген қызмет түріне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай іздеу нәтижесінде Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған бір сотталған азаматқа іздеу жариялады. Ол пробация қызметкерлері ескерткен ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шараларға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түркістан қалалық пробация қызметкерлерінің ұсынысымен жазасын өтеуден қасқөйлікпен жалтарып жүрген сотталған Надир Закиржановқа қатысты халықаралық іздес жарияланып, жаза өтеу мерзімі тоқтатылып, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Сотталғандарға пробациялық есепке алынған күні оларға сот тарапынан жүктелген міндеттер толығымен түсіндіріледі. Соған қарамастан заңды қаскөйлікпен бұзатындар кездеседі. Надир Закиржанов Түркістан облысында туылған, ұлты – өзбек, ҚР-ның азаматы, ажырасқан, бұрын сотты болмаған.
Ол өткен жылы 7 қыркүйекте Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған. Аталған сот үкімі өткен жылы 27 қазанда күшіне енген болатын.