
16:30, 18 октября 2024 г.
Түркістанда полицейлер тұрғылықты мекенжайға тіркелмеген 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады

Полицейлер әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейтіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды жандандыруда. Фото: polisia.kz
Түркістан қаласында полицейлер заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды үздіксіз атқарып келеді. Мәселен бірнеше апта ішінде құқық бұзған 7500-ден астам құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін полицияға 107 тұрғын жеткізілді. Ал тіркеусіз тұрған 307 құқық бұзушыға шара көрілді. Сондай-ақ нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол бергені үшін 6 тұрғын үй иесі жауапкершілікке тартылды.
Мәселен Түркістан қаласында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс жасап жүрген шетелдік 6 азамат анықталып, елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші 4 тұрғынға шара қолданылды.
Сондықтан тұрғындарға “Учаске” профилактикалық шарасы кезінде полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарап, талап етілетін заңды әрекеттерді орындауға шақырады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:46
Вчера
11:20
Вчера
10:37
Вчера
09:16
25 октября
17:42
24 октября
16:32
24 октября
15:27
24 октября
Объявления
11:43, 14 октября
5
16:50, 23 октября
11:43, 14 октября