• Главная
  • Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 4 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды
18:00, 20 июня 2023 г.

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 4 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары “Заңсыз келуші” ЖПІШ-тің бірінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 4 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 маусымнан бастап республика көлемінде көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр.

Аталған шара аясында Шымкент қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен 4 шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды.

Бұған дейін оларға қатысты мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабында (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін, оларды елден аластату туралы шешім шығарған.

“Заңсыз келуші” іс-шарасы аясында қала аумағында шетелдік азаматтардың заңсыз болу жайттарын анықтау үшін полицейлер шаһардағы құрылыс объектілерін, коммуналдық үйлерді, базарларды, жатақханалар мен көпшілік жиналатын орындарды тексерді.

Осы орайда шымкенттік полицейлер шетелдіктерді уақтылы тіркемеу және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту немесе пайдалану ҚР ӘҚБтК-нің 518 (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) және 519-баптарына (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...