13:40, 14 июня 2023 г.
Түркістан облысында алаяққа сенген тұрғындар 30 млн теңге қарызға батты
Түркістан облысында ауыл тұрғындарын мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп 30 млн теңге қарызға батырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан екі млн теңгеге жуық ақшаларын алған. Одан кейін алаяқ бір жыл бойы тұрғындарға берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жұмыссыз, түркістандық тұрғын болып шықты. Тергеу барысында ұсталған ер адам алдау жолымен алған 30 млн теңгеге жуық қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:25
Вчера
Компания RG Brands растит чемпионов
Новости компаний
13:00
Вчера
10:20
Вчера
09:35
Вчера
08:28
Вчера
Объявления
15:32, 8 ноября
15:32, 8 ноября
live comments feed...