• Главная
  • Түркістан облысында жол апаттарының алдын алу бойынша акция өтіп жатыр
Видео
15:12, 13 июня 2023 г.

Түркістан облысында жол апаттарының алдын алу бойынша акция өтіп жатыр

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша акция өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасы бойынша 1-30 маусым аралығында жол қауіпсіздігінің алдын алуға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған “Жол-көлік оқиғаларынсыз бір ай” акциясы өткізіліп жатыр.

Мәселен, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төрехановтың басшылығымен полицейлер халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы баннерлер мен LED экрандарына ақпарат орналастырды.

Сонымен қатар акция аясында тәртіп сақшылары Сайрам ауданының Ақсукент кентінде “Жолда қабылдау” өткізіп, онда тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жүргізушілерді жолдарда өте мұқият болуға шақырды және 240-тан астам жадынама таратты.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ бастығы А. Төрехановтың айтуынша, бір айға жоспарланған акция бұдан кейін де өз жалғасын табады. Бұл шара облыс жолдарында болатын жол апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...