
09:57, 9 июня 2023 г.
Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

фото: polisia.kz
Жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың арасында түрлі заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 7-9 маусым аралығында Шымкент қаласы аумағында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты, ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен түнгі уақытта рейд жұмыстары жүргізіліп, ойын-сауық орындары мен шаһар аумағы тексерілді. Аталған іс-шараның бір тәулігінде кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, қадағалаусыз жүрген 6 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 11 бала және 5 қолайсыз отбасы ІІО-ның есебіне қойылды.
Мәселен, Қаратау АПБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген рейд барысында түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемесінде болған 6 жасөспірім анықталып, олардың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша хаттама толтырылды. Бұған қоса, 4 ойын-сауық орындарының иелері ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 57 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкенттік полицейлер ата-аналарды балаларына және олардың тәрбиесіне назар аударуға шақырады. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі сағат 22:00-ден кейін үйде болуын қадағалауды ескертеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:10
Вчера
12:40
19 сентября
10:19
19 сентября
11:37
18 сентября
10:20
18 сентября
11:27
17 сентября
10:50
15 сентября
Объявления
13:21, 9 сентября
12:14, 14 сентября
12:14, 14 сентября
5