
07:51, 6 июня 2023 г.
Шымкент полицейлері аз қамтылған отбасылардың балаларын қуантты

фото: polisia.kz
Тұран ауданы полиция басқармасының қызметкерлері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын ойын-сауық орталығына апарып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аттракциондар, батуттар, кинотеатр және басқа да ойын алаңдары балаларды керемет әсерге бөледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 жастан 11 жасқа дейінгі 15 бала аниматорлармен және полиция қызметкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, қызықты шоу-бағдарламаларды тамашалады. Ұмытылмас ойын-сауықтан кейін балалар үшін түскі ас ұйымдастырылды.
– Уақытты дәл бүгінгідей өткізуге әр баланың мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан әріптестермен бірге оларға жақсы естеліктер сыйлауды ұйғардық, – деп бөлісті полиция қызметкері Раушан Кертаева.
Айта кетейік, мегаполис полицейлері қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:20
Вчера
09:20
Вчера
17:41
23 июня
12:02
23 июня
10:30
23 июня
Объявления
17:26, 15 июня
5
17:40, 1 июня
17:26, 15 июня