14:20
Вчера
фото: polisia.kz
Іс-шараның ашылуында ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізілді. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін лайықты, сапалы атқаруды тапсырды. Шара кезінде облыстың бас полицейі тәртіп сақшыларының нысанды киімдерін, қызметтік куәлік, бейнежетон мен планшеттердің жарамдылығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жағдайын тексерді.
Саптық байқау соңында қызметтік міндеттерін атқаруға кіріскен жеке құрамның салтанатты шеруі мен патрульдік полицияның автоэкипаждарының жүріп өтуі ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұдан былай гарнизондық таратулар ай сайын жүргізілетін болады.