• Главная
  • Шымкент және Түркістан облысында есептегі 130 сотталған жаза өтеу шартын бұзған
10:00, 29 мая 2023 г.

Шымкент және Түркістан облысында есептегі 130 сотталған жаза өтеу шартын бұзған

фото: polisia,kz

фото: polisia,kz

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметі мен полиция департаментінің ұйымдастырумен “Есептегі адам” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Осы шара барысында 3293 мекеме тексерілді. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған 96 сотталғанның жаза өтеу шарттарын бұзғаны анықталып, ескерту берілді. Ал 5 қашқын құрықталды. Сондай-ақ 29 сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны анықталды. 3 сотталғанның жаза өтеу мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған ЖПІШ барысында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметі есебінде тұрған Б. есімді ер адамның ісі қаралды. Бөтеннің мүлкін тонау арқылы жымқырғаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы бойынша 4 жыл 5 ай 16 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған  болатын. Тонау бойынша істі болған азамат қалалық пробация есебіне тіркелгеніне де көп бола қойған жоқ.

Сотталған азаматты есепке алу барысында пробация қызметкерлері оған сот қаулысы бойынша жүктелген міндеттерді, яғни ҚР ҚК-нің 44-бабының және ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 67-68-баптарына сәйкес, жаза өтеудің шарттары, тәртібі және жауапкершілігі жайында толық түсіндірілген болатын.  Сондай-ақ жаза өтеу шартын қасақана немесе қаскөйлікпен бұзған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатынын түсіндіріп, өзінен қолхат алынды.

Дегенмен, сотталған азамат өзіне берілген жеңілдікті дұрыс пайдаланбаған, жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан ешқандай нәтиже болмаған. Сотты болған азамат өзімен жүргізілген профилактикалық жұмыстардан дұрыс қорытынды шығармай, жаза өтеу барысында жазаның шарттарын бірнеше рет бұзып, сот тағайындаған үкімнің міндеттерін толық орындамаған. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

– Біз әрбір адамға пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап сот қаулысымен жүктелген жазаның өтеу шарттарын, міндеттерін, тәртібін, жауапкершілігін және құқықтарын толық түсіндіреміз. Сонымен қатар сот жүктеген міндеттерін және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған жағдайда, сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіледі. Осыны біле тұра, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып, сот қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамауға алынып, жазасын түзеу мекемесінде өтеуге жіберіліп жатқандар кездеседі. Олардың осындай қателігін өзге сотталғандар қайталамас үшін әртүрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде, – деп түсіндірді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пробация қызметі бөлімдеріне басшылық ету бөлімінің бас маманы Азамат Нұрланұлы.

Сонымен тәртіпке бағынбаған Б. есімді азаматтың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Енді ол жазасының қалған бөлігін қамауда өтейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...