• Главная
  • Түркістан облысында жасөспірімдерге қатысты 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды
13:04, 24 мая 2023 г.

Түркістан облысында жасөспірімдерге қатысты 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысы аумағында 22-24 мамыр аралығында “Жасөспірім және жауапкершілік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бермеу. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында полицейлер, аулаларды, скверлерді, кафелерді, ойын-сауық орындарын және жастар мен кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын басқа да аймақтарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Мәселен “Жасөспірім және жауапкершілік” іс-шарасының алғашқы тәулігінде ювеналды полиция қызметкерлері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 9 әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен 7 дерек, 432-бабы 1-бөлігімен – 5 және 200-бап бойынша 7 бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша 13 хаттама толтырылды. Ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен 150-ден астам дерек анықталды. Құқық бұзушылыққа бейім 24 кәмелетке толмағандар мен 27 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азайтуға ықпал етеді. Одан бөлек бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...