
12:06, 22 мая 2023 г.
Түркістан облысында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға қатысты 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды

фото: polisia.kz
Түркістан облысында 15 мамырдан бастап жанар-жағармай материалдарын елден тыс жерлерге тасымалдауға жол бермеу, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын анықтау бойынша рейдтік іс-шарасы өтіп жатыр. Осы бағыттағы Түркістан облысы тәртіп сақшыларының 4 күндік жұмыс қорытындысы бойынша жалпы 710 жүк көлігі тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нәтижесінде белгіленген талапқа сай келмей, көлігіне қосымша отын бактарын орнатуға қатысты 153 жайт анықталды. Оның ішінде 63 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен 85 құқық бұзушыға әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 590-бабының 8- бөлігімен 5 жүк көлігіне хаттама толтырылса, 12 жүк көлігі айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:04
Вчера
12:28
9 мая
11:55
9 мая
11:07
9 мая
09:00
9 мая
17:29
8 мая
Объявления
23:36, 9 мая
live comments feed...