• Главная
  • Шымкенттік жас түлектер полиция музейі мен ЖБО-ға экскурсия жасады
11:15, 19 мая 2023 г.

Шымкенттік жас түлектер полиция музейі мен ЖБО-ға экскурсия жасады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Халықаралық музей күні мерекесіне арналған шара, кәсіби мамандықты дұрыс таңдау бағытына арналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік жас түлектер полиция музейі мен ЖБО-ға экскурсия жасады, фото-1

Музей ісінің маманы Гульнар Шалқарқызы Шымкент қаласы “Арман” мектеп гимназиясының оқушыларына құқық қорғау саласының қыр-сыры туралы түсіндіріп, полицияның өткені мен бүгіні жайлы тың ақпараттар берді.

Экскурсияның мақсаты – тәртіп сақшыларының үздіксіз еңбегі мен қызмет барысындағы көзсіз ерліктері туралы дәріптеп, жас буынның құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру.

“Арман” мектеп гимназиясының шәкірттері департамент музейіндегі құнды жәдігерлерге қызығушылықпен қарап, кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Екатерина Точиловаға тәртіп сақшысы атану үшін қандай талаптар қойылатыны туралы сан-түрлі сауалдар жолдады.

Сондай-ақ департамент бастығының орынбасары Сырым Абдуллаев жасөспірімдерді жедел басқару орталығына апарып, мегаполис тіршілігін бейнекамералар арқылы бақылауға мүмкіндік сыйлады.

Жедел басқару орталығының бастығы Асқар Алипбаев пен оның әріптестері оқушыларды қуана қарсы алды. Оларға шаһардағы көлік қозғалысын, мектептер мен саябақтардың жай-күйін және автобустардағы камералар мен “SOS” батырмасының қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Оқушыларға құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы ескертіп, полицияның цифрландырылған қосымшаларын таныстырды.

Ашық есік күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің музейіне 150-ден астам қонақ келді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...