
09:30, 16 мая 2023 г.
Түркістан облысының тұрғынынан 90 келіден астам заңсыз ауланған балық алынды

фото: polisia.kz
Браконьерлік пен заңсыз балық аулау деректерінің алдын алуға бағытталған “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Шардара – Келес тас жолында күдік тудырған ВАЗ автокөлігін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құжаттарын тексеру кезінде полицейлер Шардара ауданының тұрғынының көлігінен 90 келіден астам заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 400 метр балық аулау торын тапты.
Белгілі болғандай, ер адам Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша тіркелді.
Браконьерден заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:55
19 декабря
15:26
19 декабря
13:40
19 декабря
12:32
19 декабря
11:27
19 декабря
09:19
19 декабря
Объявления
17:07, 18 декабря
15:32, 12 декабря
5
15:32, 12 декабря