• Главная
  • Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді
12:00, 11 мая 2023 г.

Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстардың жолын кесуге және қылмыскерлерді, оның ішінде іздеуде жүргендерді ұстауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осындай кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Іздеуде жүрген ер адамды полицейлер Шымкент қаласынан ұстады.

Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан аталған азаматты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...