• Главная
  • Түркістан облысының үздік тергеушісі “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды
09:11, 11 мая 2023 г.

Түркістан облысының үздік тергеушісі “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Жаны нәзік болса да, талай қиын істерді соңына жеткізіп, ақ-қарасын ажыратуда абыройлы қызмет етіп жүрген облыстың үздік тергеушісі Алтынай Жолымбекованың еңбегі еленді. Ол ҚР ішкі істер министрінің қолынан ҚР Президентінің Жарлығымен берілетін “Ерен еңбегі үшін” медалін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бұл марапат қызметімізді бұдан кейін де асқан құлшыныспен орындауға серпін берді. Қазақтан Республикасына қызмет етемін! Антқа адал болу – басты ұстанымым, – деді А.Жолымбекова.

Жалпы, тергеуші қызметі – шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Нақты дәйектерді жинақтап, қылмыскерді дәл анықтауда тергеушілердің алар орны ерекше. Олардың тергеу нәтижесінен полиция департаментінің жұмысы көрінеді. Ал Алтынай Жолымбекова осындай департаменттің абыройын асқақтатып жүрген тергеуші ару.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...