• Главная
  • Түркістанда дүкенге ұрлыққа түскен күдікті анықталды
Видео
09:55, 25 апреля 2023 г.

Түркістанда дүкенге ұрлыққа түскен күдікті анықталды

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан қалалық полиция басқармасына жеке кәсіпкер ұрлық қылмысының құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу дүкеннен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгеге жуық екені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Болған қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары қажетті жедел-іздестіру, тексеру шараларын жасады. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы бейнебақылау камераларын тексерді. Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір тәулік ішінде ұстады. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті дүкенге тұтынушы болып кірген. Содан соң керекті заттарды байқатпай ішкі қалталарына салып алып, жолай кезіккен адамдарға сатып кеткен. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...