• Главная
  • Түркістанда қонақүй иелеріне туристерді қабылдауда “Е-Qonaq” жүйесін қолдану түсіндірілді
10:04, 24 апреля 2023 г.

Түркістанда қонақүй иелеріне туристерді қабылдауда “Е-Qonaq” жүйесін қолдану түсіндірілді

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласына келуші туристер қатары бұрынғыдан да арта түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған орай туризмді дамыту, келген шетелдіктерді заңға сәйкес тіркеу бойынша тиісті сала басшыларының қатысуымен ауқымды шара ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Түркістан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Н.Жұмаев, облыстық мәдениет және басқарма басшысының орынбары Ә.Нұржанұлы, туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы Н.Медеуов, Түркістан қаласы бизнесті қолдау және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Жумашбеков қатысты.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы қонақүйлер мен жатақханалардың иелері шақыртылды. Шара барысында ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігі, еліміздегі туристтік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрған жүйе жұмысы айтылды.

Жеке кәсіпкерлерге шетел азаматтары орналасқан қонақүй, жатақханада “Е-Qonaq” жүйесі арқылы уақытша тіркеуге тұру керектігі түсіндірілді. Бұл жүйені қолдану арқылы туристердің уақытын үнемдеп, көші-қон қызметі бөліміне келмей-ақ рәсімдеп, туристік ағын мен көші-қонды бақылап, есепке алуға болатыны жеткізілді. Жүйені енгізу туристік қызметтің сапасын және отандық қонақүйлердің тартымдылығын арттырып, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жақсартып келеді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде қабылдаушы тарап ретінде ішкі істер органдарын хабарлау керектігі ескертілді. Осы ретте көші-қон заңнамасын бұзбай, жоғарыда аталған талаптарды көрсетілген мерзімде орындау қажет. Егер аталған заң талаптарын орындамай, уақытылы хабарлама бермеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы мен 519-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі ескертілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...