
10:30, 21 апреля 2023 г.
Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды

фото: polisia.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 18 мен 20-сәуір аралығында республика аумағында “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған іс шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу. Сондай-ақ зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, желідегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау.
“Anti-Fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша бұрын жасалған 31 қылмыс ашылды. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бабы бойынша 1 жайт тіркеліп, ашылды. 14 заңға қайшы сайттар бұғатталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:20
Вчера
09:20
Вчера
16:42
25 декабря
ТОП новости
Объявления
17:07, 18 декабря
12:29, Вчера
12:29, Вчера
5