• Главная
  • Түркістан облысында нөмірсіз көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды
09:30, 19 апреля 2023 г.

Түркістан облысында нөмірсіз көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осындай кезекті қызметтік міндетін атқару барысында полицейлер мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары көше бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз келе жатқан Volkswagen Golf көлігін байқап, бірден тоқтатты. Жүргізушімен тілдесіп, құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары оның мас күйіне күдіктенеді. Жағдайды анықтау үшін медициналық сараптама тағайындады. Куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізушінің мас екені расталды.

Сонымен қатар жүргізушінің өткен жылы 27 сәуірде мас күйде көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Осыған қарамастан екінші рет алкогольдік масаң халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал көлікті нөмірсіз басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...