
10:30, 18 апреля 2023 г.
Шымкентте өзгенің автокөлігінен ақша ұрлаған азамат анықталды

фото: polisia.kz
9 сәуір күні Әл-Фараби АПБ-ның “102” арнасына Шымкент қаласының тұрғыны шағымданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол өз арызында, Шымкент қаласының азық-түлік дүкенінің бірінде, белгісіз тұлға өзіне тиесілі дүкеннің ауласында тұрған Chevrolet маркалы автокөлігінен 182 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:30
9 сентября
11:50
9 сентября
10:27
9 сентября
Объявления
13:21, 9 сентября
12:45, 29 августа
5