
11:59, 17 апреля 2023 г.
Шымкентте бір апта ішінде “102” арнасына 6 мыңға жуық қоңырау түсті

фото: polisia.kz
11-16 сәуір аралығында Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының “102” арнасына 5727 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2592 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 11 қылмыс ашылған. Оның ішінде: ұрлық – 6, тонау – 1, басқа да – 4.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1058 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 261, жол ережесін бұзған – 635, одан басқа да 105 жайт анықталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:17
Вчера
09:12
5 декабря
16:55
4 декабря
15:38
4 декабря
Объявления
14:31, 28 ноября
5
14:31, 28 ноября
11:29, 4 декабря