• Главная
  • Түркістан облысының тұрғыны ауылдасын 500 мың теңгеге алдап кеткен
10:00, 17 апреля 2023 г.

Түркістан облысының тұрғыны ауылдасын 500 мың теңгеге алдап кеткен

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірі арызданды. Ер адамның айтуынша, оны ауылдасы алдап, 470 мың теңгені иемденіп алған. Яғни, орта жастағы ер адамды танысы мемлекеттен қайтарымсыз грант шығарып беремін деп сендіріп, қаражатты алған соң, түрлі сылтаулар айтып, уақыт созған. Соңында алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлерден шара көруін сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Тексеру кезінде осы қылмысты жасаған жергілікті тұрғын, жас әйел анықталды.

Полицияға жеткізілген күдікті оңай жолмен келген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергенін мойындады. Ал тәртіп сақшылары күдіктілірдің саны артуы мүмкін екенін алға тартады. Оны анықтау бағытында полицейлер жан-жақты жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...