• Главная
  • Шымкенттік азамат танысының 4 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген
13:10, 14 апреля 2023 г.

Шымкенттік азамат танысының 4 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкент тұрғыны танысына мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып беремін деген желеумен алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, алты айдан бергі танысы қайтарымсыз грант алып беремін деп, алдын ала 4 млн теңгесін алып, алты ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті анықталды. Күдікті әйелдің жасы 31-де, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған.

Қазіргі кезде күдікті кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді. Алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Алаяқтық
Объявления
live comments feed...