• Главная
  • Түркістан облысында трамадолды заңсыз сақтаудың 6 дерегі тіркелді
Видео
12:00, 14 апреля 2023 г.

Түркістан облысында трамадолды заңсыз сақтаудың 6 дерегі тіркелді

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

“ҚР-да бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін бекіту туралы” №470 қаулысына өзгеріс енгізілді. Бұл өзгеріс психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген трамадол, кетамин, этизолам күшті дәрілік заттарына әсер етті. Нақтырақ айтсақ, жаңа өзгеріс 2023 жылдың 7 сәуірінен бастап күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тиісті өзгеріс енгізілгеннен кейінгі бір аптада трамадол психотроптық препаратын заңсыз сақтаудың 6 дерегін анықтады. Оның ішінде 4 жайт Сарыағаш ауданында анықталса, Түркістан қаласы мен Шардара ауданында бір жайттан тіркелді. Қазіргі уақытта осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілерден трамадол препаратының 30-дан астам таблеткасы тәркіленді. Сонымен қатар Түркістан облысы полиция департаментінде ПД бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың төрағалығымен прокуратура, фармацевтикалық және медициналық ұйымдар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, тергеу басқармасы, сондай-ақ Түркістан облысы ПД қалалық және аудандық полиция бөлімдері өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Кездесу барысында психотроптық препараттарды заңсыз өткізудің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ психотроптық заттармен байланысты құқық бұзушылықтарды тіркеу, тергеу тәртібі талқыланды. Жиналыс соңында қатысушылар психотроптық заттарды, оның ішінде трамадолды заңсыз сату фактілерінің жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру жөнінде пікір алмасып, бірқатар ұсыныстар айтты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Түркістан
Объявления
live comments feed...