• Главная
  • Шымкентте 200-ге жуық азамат ПД бастығының жеке қабылдауында болды
10:40, 14 апреля 2023 г.

Шымкентте 200-ге жуық азамат ПД бастығының жеке қабылдауында болды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаментінде әр аптаның сәрсенбісінде күндізгі сағат 15:00-18:00 аралығында ПД бастығы Қайрат Дәлбековтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтеді. Халықпен кездесуге полиция департаментінің бастығынан бөлек, барлық басшылық құрам қызметкерлері қатысып, әр арыз-шағым бойынша сауалдарға жауап береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, жыл басынан бері Қайрат Дәлбековтің жеке қабылдауына 195 адам қатысқан. Ал, кеше 20 адаммен жүздесіп, оларды мазалаған мәселелерге назар аударды. Тұрғындардың басым көпшілігі алаяқтыққа және қылмыстық істерді тергеу мәселесіне қатысты арыз-шағымдары мен пікірлерін жеткізді. Сәйкесінше, департамент бастығы Қ.Дәлбеков аталған саланың жауапты мамандарына қатаң тапсырма беріп, әр істі жеке бақылауында ұстайтынын ескертті.

Бұдан бөлек, жиналғандар арасында полиция қызметкерлеріне деген алғысы бар азаматтар да кездесті. Оның ішінде, зейнеткер қарт кісі полицейлердің құқықтық көмек көрсетіп, жол сілтегені үшін және үлкенге деген зор құрметі мен кішіпейілдігі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, егер шешілмеген мәселелеріңіз, тыңдалмаған уәждеріңіз болса, 97-66-39 байланыс нөмірі арқылы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің жеке қабылдауына жазыла аласыздар!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Начальник
Объявления
live comments feed...